Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі бостандыққа шықты

516

0

Бақытбек Есентаев түрмеден босатылды. Бұл туралы оның қарындасы Нағима Есентаева Instagram парақшасында жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

12 шілде күні Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін Қапшағай қалалық соты қанағаттандырған. Осылайша ол 6 жылдан соң туған-туыстарымен қауышып отыр. Оны қарсы алуға жақындары мен достары жиналған.

«Міне, ағатайым шығып жатыр. Мына жақта көп достары күтіп тұр. Ағам көлікке отырды. Енді бұл жерді өмірі көрсетпесін. Кеттік, тойлатамыз», – деді Нағима Есентаева видеода.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<