Баянауылда демалыс маусымы қашан ашылады

219

0

Фото: Kazinform

15 маусымда Жасыбай көлінде Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жазғы демалыс маусымының ашылу салтанатына арналған концерт өтеді.

Бағдарлама аясында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған қызықты іс-шаралар, спорттық және ұлттық ойындар, жағажай волейболынан жарыстар, арқан тартыс ұйымдастырылмақшы.

Басқарманың мәліметінше, демалушылар төрт бағыт бойынша экскурсиялар таңдап, демалуға мүмкіндіктері бар.

Баянауыл баурайында орналасқан Кемпір тас, Торайғыр көлі, Әулие бұлақ, Сайман тас, Қоңыр әулие, Біржанкөл сынды көрікті мекендерді аралауға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<