Байланыс операторларының неге интернет сапасына жауап бермейтіні түсініксіз – Әлихан Смайылов

331

0

Сурет ашық дереккөз

Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қазақстандықтарды сапалы интерпен қамту мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мобильді интернетке қызмет көрсету байланыс операторларының міндетіне неге кірмейтіні мүлдем түсініксіз. Интернеттің сапасы мен жылдамдығын өлшейтін құралдар жоқ. Инспекцияның өзі жол бойындағы және елді мекендердегі интернет жылдамдығын өлшей алмайды. Бұл проблемаларды шешу керек. Қазіргі таңда адамдар бірінші кезекте интернеттің сапасына қарайды. Жай ғана желі тартып беретін кезеңнен өттік», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, халыққа сапалы байланыс пен жылдам интернет қажет.

«Клиенттер тарифтің ақысын толығымен төлеп отыр. Сондықтан сапалы қызметті талап етуі орынды. Соңғы 3 жылда байланыс операторлары бұл салаға тартылған инвестияны шамамен 60%-ға дейін төмендетіп жіберген. Операторларға қымбат инфрақұрылымға қаржы салғаннан гөрі анықталған заңбұзушылықтар үшін айыппұл төлей салған тиімді. Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту керек. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы дәл осы мәселелерді шешуге бағытталған. Оның мақсаты – халық пен кәсіпкерлік субъектілерін кем дегенде секундына 100 Мбит интернетпен қамтамасыз ету», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<