«Байқоңыр» ӘКК «РЗА-сүт» ЖШС-мен қарыз шартына қол қойды

493

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «РЗА-сүт» ЖШС арасында қарыз шарты жасалды.

Қарыз шарты негізінде жергілікті тауар өндіруші «РЗА-СҮТ» ЖШС 171 тонна пастерленген сүт (2,5%), 171 тонна айран (2,5%), 17 тонна сары май, 17 тонна сүзбені 2024 жылдың аяғына дейін қаламыздағы 35 әлеуметтік дүкен мен 10 ірі сауда үйіндегі әлеуметтік бұрыштарға жеткізеді.

Осы орайда тұрғындарға 2,5% сүт – 360 теңгеден, 2,5% айран – 420 теңгеден және 5-9% сүзбе – 1760 теңгеден, ал 82,5% сары май – 3550 теңгеден сатылатын болады.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<