Байқоңыр қаласына жаңа бас имам тағайындалды

796

0

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының №1077 бұйрығына сәйкес, Байқоңыр қаласында орналасқан «Жәрімбет» мешітінің бас имамы қызметіне Қаюпов Ислам Маратұлы тағайындалды.

Бұған дейін аталмыш қызметті абыроймен атқарып келген Талқанбаев Дастан өзге қызметке ауысты.

Қаюпов Ислам Маратұлы

– Құран Кәрімді жаттаған қари.

– ҚМДБ жанындағы орыс тілді Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі.

– 2022 жылы «Діни оңалту» саласының үздік маманы номинациясы бойынша

Muftiyat үздігі.

– «Дзюдо» күресінен спорт шеберіне үміткер атағы берілген.

2014-2018 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алған.

2018-2020 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білімді үздік дипломмен бітірген.

2017 жылы Алматы қаласында орналасқан «Муззаммил» мешітінің жанындағы Қарилар даярлау курсын тәмамдап, қари атанған.

2020 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ұйымдастырылған Деструктивті және радикалды исламдық сендірудің діни идеологиясын ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курсында білімін жетілдірген.

2021 жылы Мысыр Араб Республикасының ұйымдастыруымен өткен «Заманауи уағызшылар» бағытында екі айлық онлайн-курсқа қатысқан.

2019-2020 жж. Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы;

2020ж. маусым – 2023 ж. мамыр айлары аралығында Қызылорда облыстық «Ақмешіт Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы;

2023 жылдың мамыр айынан бастап Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<