Байқоңыр тұрғыны мемлекеттік сатып алуға қатысам деп таныстарынан ақша алып, бәске тігіп жіберген

381

0

Фото: Istock

Ер адам достарын кәсіппен айналысатынына және мемлекеттік сатып алуға қатысатынына сендіріп, оған ақша жетпей тұрғанын айтып қарыз сұраған.Төрт танысы оған 550 мың рубльден астам ақша берген (шамамен үш миллион теңге). Ол қарызын қайтарған жоқ, себебі бәрін ойынға тігіп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің бақылау органында ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Лудоман қазақстандық болғандықтан, материалдар Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына берілді.

«2023 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін ол интернет желісі арқылы «1Х ВЕТ» букмекерлік кеңсесінің құмар ойындарына бәс тігу үшін таныстарынан алаяқтық жолмен ақша алғаны анықталды. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін ең жоғары жаза – мүлкін тәркілеп, жеті жылға бас бостандығынан айыру көзделген», – деп атап өтті «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы.

Айта кетейік, Қазақстанда мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<