Байқоңырда 200 адам ҚР мемлекеттік гимнін шырқады

657

0

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Байқоңыр қаласының тұрғындары, жастары, түрлі сала өкілдері кеше бір мезгілде ҚР мемлекеттік Гимнін орындады. Салтанатты шара алдымен жиылған жұртшылықтың алдына мемлекеттік көк туымызды ортаға әкелініп басталса, одан әрі мемлекеттік Гимн жер кіндігі саналатын Байқоңыр қаласының төрінде шырқалды.

Шара барысында Байқоныр тұрғындарының рухы көтеріліп, егемендігімізді айқындайтын мемлекеттік рәміздерге құрметі шексіз екендігін жеткізді.

Байқоңыр жастарымен қатар түрлі сала өкілдері белсене қатысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді. Атап айтсақ: мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорқау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, денсаулық саласының мамандары, қаржы саласының мамандары, жұмыспен қамту орталығы, ішкі істер министрлігінің өкілдері, «Amanat» партиясы және шекара қызметкерлері болды. Жалпы жиынға жиналғандар 200 адамды құрап, шеру соңында жастардың қатысуымен ҚР рәміздерінің 30 жылдығы бейнеленген санымен қорытындыланды.

Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, халқымыздың рухы, болашаққа деген арманы асқақтап, әлемге таныла берсін!

«Сыр жастары» облыстық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<