Байқоңырда ер адам балаларын өлтіремін деп қорқытқан

480

0

56 жастағы байқоңырлық ер адамның сөзін екі қыз шын қабылдап, қорқып келген, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Прокуратураның мәлімдеуінше, қыздардың қорқуына негіз болған.

Балалар Байқоңыр қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету кешенді орталығының әлеуметтік пәтеріне орналастырылды. Олардың әкесі Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, прокуратура қылмыстық істерді Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі «Кісі өлтіру қаупі» бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына жіберді.

Отандық заңдарға сәйкес, адам өлтіру қаупі үшін отыз тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<