Байқоңырда «Халықтар достығы» фестивалі өтті

639

0

16 қыркүйек, сенбі күні Байқоңырда «Халықтар достығы» атты VI ашық қалалық ұлттық-мәдениеттер фестивалі өтті. Фестиваль Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін ашу, әртүрлі этностардың көзқарастарына, нанымдарына, рухани және эстетикалық құндылықтарына төзімділікті қалыптастыру және ұлтаралық байланыстарды нығайту мақсатында өтті.

Фестиваль бағдарламасына «Қазақстан мен Ресей халықтарының достық шеруі!», «Ғасырлар тереңінен!» ұлттық тағамдардың көрме-байқауы, «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы шығармашылығының байқау-көрмесі, «Халық достығы, халық байлығы» бейнелеу шығармашылығының байқау-көрмесі, «Ұлттық спорт түрлері» спорттық жарыстары, «Достықтың күші!» флешмобы  және «Байқоңыр аруы мен мырзасы» байқауы кірді.

Мәдени-танымдық шараның салтанатты ашылуы таңертең Ленин алаңында өтті. Фестивальге қатысушыларды қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қарсы алды. Ол ұлттық мәдениеттер фестивалі Байқоңыр мен Қызылорда облысында тұратын түрлі этнос өкілдері үшін үлкен достық мерекесіне айналғанын атап өтті. Фестиваль қатысушыларын мерекемен құттықтап, Байқоңырға өркендеу тілеп, қаланы екі мемлекеттің достығының символы деп атап, екі ел де бірегей қала-ғарыш айлағымен мақтанатынын атап өтті.

Байқоңырда «Халықтар достығы» фестивалі өтті

Шараға қалалық кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, мектептерден 300-ге жуық адам және Қызылорда облысынан 150-ге жуық қонақ келді. Фестивальге Қызылорда облысынан 4 этномәдени – татар, славян, неміс, шешен бірлестіктері қатысты. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз этностарының салт-дәстүрлері туралы тұсаукесер дайындап, ұлттық тағамдар байқауына, шеруге және спорттық сайыстарда жоғары белсенділік танытты. Мерекенің ресми бөлімінен кейін барлық командалар басты сахнада ұлттық бейнені, ұсынылған ұлттың бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін ашуға тырысқан театрландырылған қойылымдарды көрсетті. Қойылымдарда жарқын костюмдер, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар пайдаланылды, ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен әспеттелді.

Ленин алаңында «Ғасырлар тереңінен!» ұлттық тағамдардың көрме-байқауы өтті. Көрмеде әртүрлі халықтардың тағамдары ұсынылды. Ұсынылған түрлі-түсті экспозициялар ұлттық талғаммен және үлкен қиялмен ерекшеленді. «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы шығармашылығының байқау-көрмесі арбатқа орналастырылды. Оған сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің шеберлері қатысты. Қолөнердің түрлері бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді, шеберлер шығармашылық әдістерде жұмыс жасау тәжірибесі мен шеберлігімен бөлісті.

Мұнан соң, «Халық достығы, халық байлығы» бейнелеу шығармашылығының байқау-көрмесі, «Ұлттық спорт түрлері» спорттық жарыстары ұйымдастырылды.  Орталық алаңда өткен спорттық жарыстарға қаланың балалары, жасөспірімдері мен жұмысшы жастары, Қызылордадан Славяне орталығының мүшелері қатысты. Қатысушы командалар жүлделі орындар үшін белсенді күрес жүргізді.

Барлық байқаулардың жеңімпаздары арнайы диплом, сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қорытынды шығарылғаннан кейін күндізгі іс-шаралар блогы барлық қатысушылардың «Достықтың күші!» би флешмобымен аяқталды.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<