«Байқоңырдан» зымыранның ұшырылу сәтін 11 мыңнан астам турист тамашалаған

454

0

Фото: Роскосмос

Жыл басынан бері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1 зымыран ұшырылып, оны мыңнан астам турист тамашалаған.

Соңғы жылдары әлемдегі алғашқы әрі ең ірі космодромды көруге қызығушылық білдіргендер қатары көбейіп келеді. Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы «Байқоңыр» кешеніне 11 мыңнан астам турист табан тіреген. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 10 мыңнан жоғары болған

Жұлдызды қалашықтағы туристік қызметке қатысты мәселелерді Ресей тарапынан «ЦЭНКИ» АҚ, ал Қазақстан тарапынан «Бәйтерек» АҚ және «Инфракос» ШЖҚ РМК үйлестіреді.

– «Байқоңыр» – қала мен ғарыш айлағын біріктіретін, дүние жүзінде баламасы жоқ бірден-бір кешен. Қазір қалада 671 нөмірлі қоры бар 7 қонақ үй жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні «Бәйтерек» акционерлік қоғамы «RocketGo», «Fotosafari» сияқты отандық турфиралармен жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері турфирмалар арқылы зымыран тасығыштың ұшырылуын мыңнан астам адам келіп қызықтаған, – деді басқарманың туризмді дамыту бөлімінің басшысы Айдос Пайзуллаев.

Байқоңыр қаласының туристік әлеуетін арттыру бағытында бірқатар нақты шаралар қабылданған. Былтыр қарашадағы зымыран ұшыру кезінде ғарыш айлағының тарихында алғаш рет Аэроғарыш комитетінің киіз үй түріндегі қазақстандық бақылау пункті ашылды. Байқоңыр кешені Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ТОП-20 тізіміне енгізілді.

Жалпы, осы жылы «Байқоңыр» ғарыш айлығынан 8-9 зымыран ұшыру жоспарланып отыр.

2025 жылға дейін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тоғыз рет зымыран ұшыру жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<