БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ

1825

0

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ Автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары арта түсуде. Жол-көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішінде жас балалардың апатқа жиі ұшырап жататыны алаңдатады.

Әдетте біз балаларға «Жолдан абайлап өт!», «Жүгіріп өтпе!» деген ескертулермен ғана шектелеміз. Бұл – әрине, жеткіліксіз. Кез кел­ген мектеп оқушысы жолдағы кез­десетін қиындықтарды білуі тиіс. Мә­селен, жол қиылыстарынан өту, жол белгілерін білу, жаяу жүр­гіншілер жолынан өту, т.б. Ал оны ата-ана, үлкендер үйретуі керек.

Осы орайда, облыста жазғы демалыс қарсаңында балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақат­тануының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұры­сы дағдыларын нығайту мақ­сатында жергілікті атқарушы орган, денсаулық сақтау, білім беру басқармаларымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі аумақтық орталық және мүдделі азаматтық қоғам институттары бірлесіп, 1-31 мамыр аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды республикалық акциясы өткізілді.

Акцияның алғашқы күні қа­ла­­­лық демалыс паркінде жер­гі­­лікті полиция қызметкерлері жол қозғалысының жас инспек­тор­­лары қатысуымен «Баяу қоз­ғал!)», «Балалардың өмірін сақ­тайық!» тақырыбында шара ұйым­­­­дастырды. Оның барысында жол қозғалысының жас инспек­тор­­лары жол ережелерін сақтау және жолда қауіпсіздікті қамта­ма­сыз ету мәселесі бойынша қала тұр­ғындарына түсіндірме жұмыс­тарын жүргізіп, ата-аналар мен кө­лік жүргізушілеріне сауалдар мен сұрақтар қойды.

Шара соңында балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында алыстан жарыққа белгі беретін лента тағып жүрулері керектігі жөнінде кеңес бере отырып, балалар мен олардың ата-аналарына таратты.

Сонымен қатар, «Жүргізуші, біз өмір сүргіміз келеді» деген ұранмен жол қозғалысының жас инспекторлары жаяу жүргіншілер жолағына шығып, жүргізушілер арасында насихаттау шараларын жүргізіп, жолда жүру мәдениетін сақтауға, барлық жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Одан бөлек, К.Қара­көзов атындағы №235 мекте­пте «Жолда жүру ережесін сақ­тай­мыз!» атты тәрбие сағаты ұйым­­дастырылды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар жол ереже­лері бойынша өз білімдерімен бөлі­сіп, оған қатысты өз­дерінің ән шумақтары мен өлең­дерін айтып көрермендерін қуантты.

Сонымен қатар, «Жол ереже­лерінің үздік білгірі!» тақырыбында сурет салудан сайыс өткізіліп, жеңімпаздары анықталып, ОІІД Жергілікті полиция қызметінің алғыс хаты мен сыйлықтарға ие болды.

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<