Бала қауіпсіздігі маңызды

381

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Терезеден құлау фактісінің тіркелуіне басты себеп – балалардың қараусыз қалуы дейді мамандар. Сондықтан да сақтық шарасына бей-жай қарамау әр отбасының алдында тұрған жауапты міндет.

Осыған сәйкес, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері “Терезе” профилактикалық шарасы аясында сол жағалауда орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы. Сондай-ақ, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы мен москит торларының берік бекітілмеуі және балалардың терезенің алдында ойнауы тікелей себеп болып отыр. Сондықтан, құрметті тұрғындар, егер үйлеріңізде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмауларыңызды сұраймыз, – деді
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Мұхтар Белсенбаев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<