Бала жайы – басты назарда

199

0

Мектеп жасына дейінгі балаларғаарналған «Ұмай» сауықтыру және қайырымдылық үйінің ұйымдастыруымен Қызылордада «Созылмалы ауруға шалдыққан балалардың өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбында конференция өтті. 

Мекеме директоры АнарІзден бронх демікпесі, қант диабеті, йод жетіспеушілігі, темір тапшылығы барбалалардың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқанынжеткізді. 

– Игі бастамаға үкіметтікемес ұйымдар, арнайы құрылған ата-аналар комитеті атсалысып келеді. Бұған дейін20-дан астам семинар-тренинг ұйымдастырылды. Қызу желі жұмыс істеп, оған 30-ғажуық қоңырау түсті, – деді ол. 

Облыстық денсаулықсақтау басқармасының бөлім басшысы Бибізада Дүйсенбаева бағдарламаны іскеасыруға белсене үлес қосқандарға алғыс білдірді. Жиын қорытындысында жобағақатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. 

 

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<