Бала зорлағандарға өлім жазасы енгізілді

764

0

Жақында АҚШ президенттігіне үміткер болғысы келетінін жариялалы отырған Флорида штатының губернаторы Рон ДеСантис өзі басқаратын аумақта кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін сотталғандарға өлім жазасын енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз Флоридада балаларды қорғау үшін барымызды саламыз. Біз ең ауыр қылмыс саналатын бала зорлығы үшін өлім жазасы жалғыз орынды шара деп санаймыз», – деді губернатор.

Жаңа заң АҚШ Жоғарғы сотының 2008 жылы қабылдаған шешіміне қайшы келеді. Сондықтан ол кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін кінәлілерге, егер қылмыс баланың өліміне әкеп соққан жағдайда өлім жазасын қолдануға рұқсат берді.

Шешім Жоғарғы Соттың толық құрамының бір дауыспен көпшілік дауысымен қабылданды. ДеСантис соттың жаңа, консервативті құрамы үкімді қайта қарауға дайын болатынына үміт білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<