Қызылордада балабақшаға ұрлыққа түскен аудан тұрғындары ұсталды. Бұл туралы 15 ақпан күні облыстық полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне Әйтеке би кентінің тұрғыны арызданған.
Арызда кенттегі уақытша жұмыс істемей тұрған балабақшадан белгісіз біреулер тұрмыстық заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы 1 миллион теңгеден астам сомада залал келтірген.
Аудандық полицейлер жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 28 және 35 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. Олардың бірі бұрын сотталған болып шықты. Күдіктілерден айғақ заттар алынды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<