Балабақшада патриоттық рухтағы шара өтті

1661

0

ҚР Рәміздерінің 30 жылдығын тойлаудан балалар да қалыс қалған жоқ. Қызылорда облысы Шолпанай жекеменшік балабақшасында мерекелік патриоттық шара өтті.

Қайырымдылық керуені апталығы аясындағы шарада балабақша тәрбиеленушілері арнайы бағдарлама дайындап, патриоттық әндер мен тақпақтар айтты. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін өнерлерімен көрсетті.

Балабақшада патриоттық рухтағы шара өтті

Ал Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нен шараға арнайы келген өкілдері өнер көрсеткен 4,5 жастағы 20-дан астам балақайларға сыйлықтар мен алғысқа толы ашық хат таратты.

Балабақшада патриоттық рухтағы шара өтті

Балабақша ұжымы Балалар жылында оларды қуанышқа бөлеген «Қоғамдық келісім» мекемесіне ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта балғындардың патриоттық сезімін дамыту үшін мазмұнды шараларды жиі бірлесіп өткізуге ниет танытты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<