Балабақшадағы тәуелсіздік мерекесі

480

0

Шиелі ауданы Тартоғай ауылындағы %153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей жанындағы «Балауса» шағын орталығында Тәуелсіздік күні кеңінен аталып өтілді. 
«Балдырған» тобының бүлдіршіндері «Қайрат Рысқұлбековтың анасымен қоштасуы» атты қойылымнан үзінді сахналады. Қайраттың анасының рөлін Жанболатқызы Аружан есімді балақай сомдады. Мерекеге зор дайындалған балалар тәуелсіздік тақырыбында өлең оқып, ән айтып би билелі. Шағын орталық меңгерушісі Ләззәт Минасапова ата-аналар мен балаларды мерекемен құттықтады. Тәрбиеші Шынар Алмашоваға ата-аналар алғысын білдіріп тарасты.
Гүлжайна ДҮРМАҒАНБЕТОВА,
Тартоғай ауылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<