Балалар қауіпсіздік ережелерімен танысты

273

0

  Қыс мезгілі кезінде, су айдындарында және халықты әр түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерімен оқыту мақсатында балалар өлімінің және жарақатының санын азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары үнемі балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жасақ құтқарушылары балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге Қызылорда облысының Білім басқармасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Тәрбиеленушілер облыс көлемінде болған әр түрлі төтенше жағдайлар туралы әңгімелеген сүңгуір құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Р. Әбдіхалықовты үлкен ынтамен тыңдады.
Медициналық-психологиялық бөлімінің медбике-құтқарушысы Сатыбалдиева Ж. оқушыларға қыс мезгілі кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салып, алғашқы көмек көрсету әдістерін көрсетті.
Кездесу соңында құтқарушылар балалар мен мұғалімдерге судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар таратты және құтқарушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз деп уәде берді.

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<