Балалар біздің болашағымыз

281

0

 Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының «Балалар біздің болашағымыз» жобасы аясында еріктілер тобы Шиелі ауданындағы «Сыр ұланы» лагерінің тынығушы балалары арасында «Көңілді старт» эстафеталық сайысын өткізді.

 Жарыс ережесіне сай әрқайсысы бес оқушыдан құралған алты команда жасақталған. Көңілді әрі пайдалы спорттық сында балалардың ептілігі мен шапшаңдығы сыналып, түрлі тапсырмаларды орындады. Салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған  эстафеталық сайыс қорытындысы бойынша 3 команда жеңіске жетіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<