Балалар мерекесі тойланды

238

0

Фото: «AMANAT» партиясы

1-Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл баршамызға балаларымызды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының, амандығының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күні олардың қажеттіліктеріне, құқықтары мен көңіл-күйіне ерекше назар аударылады.

Мерекеге орай «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Атамекен» бастауыш партия ұйымы мен «Арман» мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті.

Іс-шараны «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова ашып, балаларға ыстық ықыласын білдірді.

Мерекелік шара барысында бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеру мақсатында шапшаң шахмат және асфальтқа сурет салу, мальбертке сурет салу, асық ату, видеоролик байқауы ұйымдастырылды. Байқауда ерекше өнер көрсетіп, оза шапқан жеңімпаздарды «Атамекен» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұргүл Шалекеева марапаттап, сыйлықтар тарту етті.

«Бала болашағымыз ғой біздің. Сол үшін әр баланың бақытты болғаны жақсы. Әлемді баланың күлкісі қуантады. Ата-ананың жүрегіне махаббатты ұялататын да бала. Бүгінгідей мерекені сезіну арқылы бала өзінің әлемге, Қазақстанның болашағына керек екенін сезінсе, соның өзі үлкен жетістік деп білемін», – дейді Нұргүл Шалекеева.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған мерекелік шарада жас өнерпаздар ән айтып, түрлі ертегі кейіпкерлерімен би биледі. Балмұздақ таратылып, «Арман» мәдениет үйінде мултьфильм көрсетілді.