\»Балалар қысқы демалыста\»

227

0

 Облыс көлемінде оқушылардың қысқы демалыс кезеңінде ағымдағы жылдың 5 мен 7 қаңтар күндері аралығында «Балалар қысқы демалыста»  атты жедел профилактикалық  іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстарды, оның ішінде топтық төбелес, суық қару тасымалдау, бопсалау сынды  қылмыстардың алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ оқушылар мен студенттер  арасында құқыққа қайшы іс-әрекеттерге баруына жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, сонымен қатар балалардың тәрбиесімен айналыспайтын  ата-аналарды анықтау жұмыстарын  барынша жандандыру болып табылады.

Іс-шара аясында кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

     Қызылорда облысы 

полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<