Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1-31 мамыр аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел-профилактикалық шарасы өтуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Аукенов Айбол Серікұлы баяндады.
Акцияның мақсаты балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттануының алдын-алу, көшеде қауіпсіз жүруін түсіндіру.
«Ағымдағы жылдың 4 айында облыс көлемінде балалардың қатысуымен 12 жол көлік оқиғасы орын алған, онда 13 жеткіншек түрлі дене жарақатын алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен», – деді Айбол Аукенов.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығындағы мектептердің алдындағы жол белгілері жаңартылып, жол патрульдік полиция қызметкерлері балалардың жолдан дұрыс өтуін қатаң қадағалауда.
Акция аясында балалардың лагерлерге бару кезінде топтасып тасымалдау қағилары бойынша жол қауіпсіздік жұмыстары жүргізіледі. Арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында «Студенттердің идеялары мен бастамалары-жолдардағы жол қауіпсіздігі» атты шығармашылық байқаулар өткізіледі. Сондай-ақ, көлікте мемлекеттік органдармен бірлесіп көлікте балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік құралдарын қолдану қажеттілігі жөнінде «Сіздің жолаушыңыз – бала» атты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<