Балаларға базарлық

663

0

«Қайырымдылық ісіңнен көрінеді» деген қазақта нақыл сөз бар. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Мейірімге толы жүрек мұқтаж жандарға демеу болумен қатар оларға өмір сүруге талпыныс, жаңа күш сыйлай алады.

Сондықтан көмекке зәру жандарға қиналған шағында қол ұшын созу – әрбір адамның парызы.
Осы ретте Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қалалық №2 балаларды оңалту орталығының балаларға арналған жаңа жылдық кешіне қатысты.

Түрлі кейіпкерлер мен театрландырылған қойылымдарды тамашалаған балалардың қуаныштарында шек болмады. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Оралбаева балаларды мерекемен құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етті.


Айта кету керек, орталықта мүмкіндігі шектеулі 50 бала тәрбиеленеді.


Шара соңында орталық директоры тұрақты қамқорлық жасап тұратыны үшін департамент басшысына Алғыс хат тапсырды.


– Жаңа жыл мерекесін балалар ерекше күтеді. Жылдың бастауы тек жақсылығымен келсін, балаларымыз жақсы болсын. Мұнда ерекше балалар тәрбиеленеді. Жыл сайын оларға тұрақты түрде тарту жасаймыз. Бұл балалардың көңіліне кішкене болса да қуаныш сыйласақ, солардың қуанғанын көрсек деген ниет, – деді М.Оралбаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<