Балаларға қуаныш сыйлады

678

0

 Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып, балаларды мерекемен құттықтады.

«Біз – өмірдің гүліміз» атты шарада  балалардың әрқайсысы концерттік бағдарламаға белсене атсалып, өз қабілеттерін көрсетіп, болашаққа деген зор сенімдерін білдірді.

 Аналар кеңесі және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері тарапынан кітаптар, ойыншықтар сыйға тартылды. Сонымен бірге жастар қозғалысының мүшелері орталық балаларының көңілдерін сергітіп, қызықты ойындар ойнатты.

Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева балаларды мерекемен құттықтап, аналық ақ тілегін жаудырды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<