Балконнан лақтырған диван өтіп бара жатқан ер адамды басып қалды

285

0

Оның мойын омыртқасы сынған деген диагнозбен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызды, aikyn.kz.

Оқиға 12 қаңтар күні сағат 13.00-де облыс орталығындағы 11-шағынауданында болған. Жалға алушылар алтыншы қабаттағы пәтерден 39 жастағы ер адамның үстіне диван лақтырып жіберген. Оны ес-түссіз күйде жедел жәрдем ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<