Екінші қараша күні Арал ауданында теңізге қайықпен балық аулауға шыққан екі балықшы 3 күннен бері табылмай жатыр. Шұғыл брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев іздестіру жұмыстарының әлі де нәтиже бермегенін айтады.– Төтенше жағдай департаментінің құтқарушы мамандары дрон арқылы аумақты іздеп, одан бөлек жергілікті атқарушы органдары балықшылармен бірігіп, кеше 16, бүгін 20 қайық болып іздестіру жұмысын жалғастырып жатырмыз, – деді ол.
Айта кету керек, балықшылар «Бақыт» шаруа қожалығынан 2 қараша күні таңертең онның шамасында теңізге балық аулауға кеткен. Олар – 93 және 94 жылғы облыс тұрғындары.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».





