Балыққа да бап керек

589

0

Соңғы жылдары өңірде балық шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Өздеріңіз білетіндей, Қызылорда өңірінде балық шаруашылығы саласы экономиканың дамуына, ауылдық жерлерде халықты жұмыспен қамтамыз етуде және аймақтың экспорттық потенциялын арттыруда маңызды орын алып отыр.

Мемлекет басшы өзінің Жолдауында еліміздің балық саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі туралы атап өтті.

Бұл ретте балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге қайта оралып, саланың дамуына жаңа қарқын беру үшін ҚР Үкіметінің шешімімен 2021 жылдың басында уәкілетті орган – Балық шаруашылығы комитеті қайта құрылды.

Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыру мақсатында, жыл басында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті ал, ақпан айында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясықұрылды.

«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті құзыреті шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімшілік шекарасы шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.

Сондай-ақ, Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы қабылданды.

Балыққа да бап керек

Өңірлік бағдарлама аясында Қызылорда облысы бойынша 55 тауарлы су айдыны, 4 тоған шаруашылығы және 1 тұйық сумен қамтамасыз етілген жүйе жұмыстарын жүргізуде.

2022 жылға бағдарлама шеңберінде 2 тоған шаруашылығы және 6 шабақтық шаруашылық құру жоспарланды.

Бүгінге 2 тоған шарушылығы толығымен іске қосылып, тоғандарда сазан, ақ амур, дөңмандай және африкалық жайын балықтары өсірілуде.

Сонымен қатар, 6 шабақтық шаруашылықтарды құру мақсатында Қамбаш су айдынының учаскелері тамыз айының соңында конкурсқа шығарылады. Жергілікті инвесторлар тарапынан қызығушылық бар.

Айта кету керек, бағдарламадан тыс 14 су айдыны кәсіпшіліктен көл тауарлыға ауыстырылды. 2030 жылға жоспарланған 55 көл-тауарлы су айдыны 69-ға жеткізілді. 2022 жылға 409 тонна тауарлы балық өсірілуі тиіс.

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік қолдау шараларының кешені көзделген. Осылайша, бүгінгі күні балық шаруашылығына салынған инвестициялардың 25%-ын өтеу түрінде мемлекеттік қолдау, сондай-ақ балықтың жемдерін сатып алу кезінде шығыстардың 30%-ын субсидиялау және басқа да тікелей субсидия сияқты қаржылай көмек қарастырылған.

Енді Заңнаманы бұдан әрі жетілдіруге, оның ішінде акваөсіру туралы арнайы заңды әзірлеуге, мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуді жалғастыруға, өсірілген тауарлы балық пен экспорт көлемінің өсуін қамтамасыз етуге, жаңа балық өсіру шаруашылықтарын ашуға және жеке инвестициялар тартуға тиіспіз. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізулуде.

Бағдарлама шеңберінде 2030 жылға қарай Қызылорда облысында 16 мың тонна тауарлы балық өсіру көлеміне жеткізу межеленген. Бүгінгі күннің өзінде Қызылорда облысында бағдарлама индикаторларын орындауда оң нәтижелер көрінуде.

Бүгінгі таңда, өңірде тұрақты жұмыс істейтін балық өңдеу зауыттары бар. Оның ішінде Еуропалық Одақтың жоғары талаптарына сәйкес келетін және Одақтың елдеріне балық өнімдерін экспорттаумен айналысатын ұйымдарда баршылық.

Бұлардың әрқайсысы жүздеген жұмыс орындарын ашып, өнімдерін алыс-жақын шетелдерге шығарып, облыс экономикасына қомақты үлестерін қосып отыр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан балық шаруашылығын бұдан әрі дамыту бойынша бірқатар ауқымды жоспар бар. Оларды жүзеге асыру үшін тиісті шаралар қолға алынды.

Балық аулау лимиті

Арал-Сырдария бассейні бойынша былтыр 1 шілдеден биылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта 10573,043 тонна, оның ішінде Кіші Арал теңізінде 6937,430, Шардарада 2141,940, Артемияда 33,700 тонна балық аулау лимиті бөлінді.

2022 жылдың 1 шілдесінде 10378,031 тонна балық ауланып, игерілуі 98,2 пайызды құрады. Нәтижесінде бюджетке 215 млн 695 мың теңге қаражат түсті.

Ал 2022 жылғы 1 шілдедесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта Арал-Сырдария бассейні бойынша 10818,956 тонна балық, оның ішінде Кіші Арал теңізінен 6923,97, Шардарадан 2131,47, Артемиядан 192 тонна балық аулау лимиті бөлінді. Бүгінгі күнге 2126,233 тонна балық ауланып, игерілуі 19,8 пайызды құрап отыр. Тиісінше бюджетке 47 млн 638 мың теңге қаражат түсті.

Заң қателікті кешірмейді

Инспекция бойынша 648 жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы Заңнаманы бұзушылық тіркеліп, оның ішінде заңсыз балық аулағаны үшін 630 әкімшілік хаттама толтырылып, 89іс сот органдарына жолданды. Қылмыстық құрамы бар 18 ісбойынша 20 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, 14 іс сотқа жолданып, 9 іске сот үкімімен жазалар тағайындалған, 1 іс сот қарау процесінде. 3 іс құқық қорғау органдарымен қысқартылып, табиғатқа келген шығыны өндіріліп алынған. Ереже бұзушылардан 4781,3 кгбалық тәркіленді.

Шабақ құтқару жұмыстары

Жыл басынан балық аулау ережесін бұзушылардан 128 дана балық аулау ау-құралдары тәркіленді. Оның ішінде 71 дана ау, сондай ақ 22 жүзу құралдары, 15 т.б. құралдар тәркіленген.

Жыл сайын Қызылорда облысының әкімдігі балық шабақтарының жаппай қырылуының алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүйелеу мақсатында арнайы іс-шара жоспарын әзірлеп, бекітіп отырады.

Бұл іс-шара Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның Қызылорда филиалыжәне Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мекемелерінің ұйымдастыруымен жүргізіледі.

Оған қоса табиғатқа жанашыр ерікті азаматтар мен балық шаруашылығы саласындағы табиғат пайдаланушылар да шараға қатысып келеді. Өткен жылдың өзінде 7 млн данадан астам балық шабақтары құтқарылып, Сырдария өзені мен күріштік алқаптарға жақын орналасқан балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.

Іс-шаралар жоспары

Бүгінгі күні облыс әкімдігі бекітіп, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Оның ішінде, биыл тамыз, қыркүйек, қазан айларында күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару айлығы деп жарияланған. Осы уақыт аралығында жоғарыда аталған мекемелердің қызметкерлері іс-шараға сәйкес тұрақты жұмыстар жүргізді.

Онда облыстағы су жүйелерінде қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарын ұйымдастырып, күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқарып, оларды резервтік қордағы балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары мен учаскелеріне жіберу жұмыстары қамтылды.

Балық өңдеу мен балық экспорты

Облыс бойынша биыл 3047,5 тонна балық экспортталған. Экспортталған балықтардың негізгі түрлері тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны экспортталды.

Табиғат қорғау акциясы

«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы облыс шегінде кең көлемде өтікізілді.

Бассейн бойынша тазалау жұмыстарына 457 адам қатысып, 57 арнайы техника мен 17 шағын көлемді жүзу құралдары жұмылдырылып, 44 тоннаға жуық әр түрлі қоқыстар мен суда қалған 494 дана аулардың қалдықтары жиналып тиісті орындарға шығарылды.

Балық қорғау акциясы

«Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы басталғалы 214балық қорғау заңнамасының бұзушылығы, оның ішінде 5 қылмыстықіс анықталып, ішкі істер органына жолданды. 209 әкімшілік хаттамалар толтырылып, оның 54 әкімшілік ісі сот органдарының қарауына жіберілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<