Атырау қаласының маңында балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған байланысты Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы түсінік берді. «Видео биыл түсірілген. Бірақ, қырылған балық дабыл қағатындай көп емес. Нақты саны қосымша хабарланады. Бұл жағдай Атырау қаласының маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Безымянный» су айдынында болған», -дейді басқарма басшысы Артур Сәдібекұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, балықтың қырылуына байланысты арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<