Банан, манго, авокадо: Түркістандық шаруалар экзотикалық жемістерді өсіруді қолға ала бастады

382

0

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация орталығы

Түркістандық шаруалар тропикалық жемістерді өсіруді қолға ала бастады, деп хабарлайжы ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Мұнда түркиялық «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жерге жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарланып отыр.

Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды жеміс түрлерін өндіруді жоспарлап отырғандығын жеткізді.

«Авокадо жемісінің салмағы 2 келіге жетеді. Оның бойындағы қоректік заттардың көптігіне байланысты адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Диетологтар бұл өнімді жүрек-қантамыр, асқазан-ішек ауруларымен ауыратын адамдарға жеуді ұсынады. Авокадо ағзаны толығымен тазалайтын қасиетке ие. Ал, манго калийге бай, соның арқасында жүрек пен қан тамырлары үшін пайдалы. Сонымен қатар, манго аурудан айықтыра алатын қасиетке ие, бас ауруын да жаза алады, қатерлі ісіктің алдын алу үшін де тұтынылады» – дейді кәсіпкер.

Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі. Жобаның бірінші кезеңдегі құны 4 млн АҚШ долларын құрайды. Құрылыс сапасы жоғары жылыжайлар климаттық бақылау мен бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған.

Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан. Кәсіпкер жақын арада жылыжай жерін 5 гектарға кеңейтпек. Сонда шамамен жылына 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік туады.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<