Бангкок әуежайы қалыпты жұмыс режиміне көшті

169

0

Фото: wikipedia.org

Бангкоктағы Суварнабхуми әуежайы Мьянманың орталығында болған 7,7 балдық күшті жер сілкінісі және көршілес Таиландтағы жерасты дүмпулерінен кейін қалыпты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.

Әуежай Мьянмадағы Сагайн қаласынан солтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде болған жер сілкінісінен кейін шамамен екі сағаттан соң жұмысын қайта бастағанын жариялады.

Жұма күні Бангкоктан ұшуды жоспарлаған бір жолаушы CNN-ге жер сілкінісінен кейінгі дүрбелең салдарынан рейсін кейінге қалдырғанын айтты.

Таиланд астанасының екінші әуежайы Донмыанг та ұшақтарды жөнелтіп, қабылдайды.

«Джакарта мен Сеулден рейстер жаңа ғана келді, біз Куала-Лумпурдан рейс күтеміз», – деп хабарлады ТАСС агенттігіне әуежайдың ақпарат қызметі.

Бұған дейін Таиланд астанасында көпқабатты үй құлаған болатын.

Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<