Бангладештің Читтагонг қаласының маңындағы қоймада болған өрт пен күшті жарылыс салдарынан 49 адам қаза тауып, 450-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News арнасына сілтеме жасап.
Өрт Ситакунда қаласынан шықты. Бұл қала – Читтагонгтегі басты теңіз портының жүктері өтетін негізгі пункт. Қоймада құны бірнеше миллион долларға бағаланған тауар болған 4 мыңға жуық контейнер сақталған. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, ол бірнеше шақырымға дейін естіліп, жарылыс толқынынан жақын маңдағы ғимараттардың терезелері сынған.
Көптеген адамдар із-түзсіз жоғалды, соның ішінде жарылыс алдында өрт туралы хабарлаған тілшілер де бар. Dhaka Tribune басылымының хабарлауынша, 2005 жылдан бері Бангладештегі өндірістік апаттардан 1500-ден астам адам қаза тапқан .
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<