Банкрот деп танылған жеке тұлғалардың жалпы қарызы 16,7 млрд теңгеден асады

466

0

Фото: azattyq-ruhy.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті 16,7 млрд теңгеден астам қарызы бар қазақстандықтардың «банкрот» деп танылғаны мәлімделді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйенсек, бүгінде 8 986 азамат «банкрот» деп танылды. Олардың жалпы қарызы – 16,7 млрд теңгеден астам.

«Азаматтар өзін банкрот деп тануға өтінішті E-gov, E-gov Mobile және E-Salyq Azamat қосымшасы арқылы жібере алады. Түскен өтініштер 22-ден астам мемлекеттік органдар және ұйымдардың базалары арқылы және 11 екінші деңгейдегі банктермен интеграциялау жолымен өңделіп, тексеріледі», – деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<