Бақша егуге тоқсанға жуық тұрғын талаптанып отыр

288

0

«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының Сыр өңіріндегі ауылшарушылығы саласы өкілдерімен кездесуі барысында егін егуге ынталы азаматтарға арнайы жер қарастыру мәселесі көтерілген болатын.

Аталған мәселе бойынша «AMANAT» партиясы жергілікті әкімшілік және «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бірлесіп, Қызылорда қаласы тұрғындары үшін Қарауылтөбе ауылдық округі жанынан әрбір тұрғын үшін 10 сотық жер беруді шешті. Бүгін бірлескен топ өкілдері аталмыш жер учаскесіне барып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап қайтты.

Қазіргі таңда «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС жергілікті тұрғындар үшін 10 га жерді дайындап, қарықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірер күнде егін егуге дайын болып, азаматтарға бөліп беру жұмыстары қолға алынбақ.

Бір айта кетерлігі «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС мамандары бақша дақылдарын егуге ынталы азаматтарға жергілікті жерге төзімді, өнімді бақша өнімдері дәндерімен қолдау көрсетіп, қажетті кеңес беруге әзір.

Нақты кезеңде қалалық ауыл шарушылығы бөліміне егін егуге ынталы тоқсанға жуық қала тұрғыны өтініш берген. Солардың бірі – «Сәулет» мөлтек ауданының тұрғыны Талғат Төлемісұлы. Былтыр туыстарымен бірге қырық сотық жер алып, қажетті бақша дақылдарын еккен. Алған өнімі жақсы. Биыл тәжірибесін толыстырған азамат тағы да еңбек етуге ниетті.

Аймақ басшысының және «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС қолдауымен атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, баға тұрақтылығын сақтауға ықпал етуші дала еңбеккерлерінің үлесін арттыру. Бүгінде бұл жұмыстар облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының тұрғындар үшін азық қорын дайындау мақсатында оларға жер телімдерін дайындап, ұсыну туралы аудандар мен қала әкімдеріне берген тапсырмасы негізінде барлық аудандарда үйлесім тауып жатыр», – дейді «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<