Мамыр айының басында Астана қаласында дзюдодан әлемдік деңгейдегі Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирі өткен болатын. Тартысқа толы белдесуде Сыр елінің намысын қорғаған спортшыларымыз үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Абылайхан Жұбаназар мен 60 келі салмақта бозкілемге шыққан Мағжан Шамшадин қола жүлдені жеңіп алып, аймақ мерейін үстем етті.
Осыған орай, бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Ғарифоллаұлы халықаралық аренада ел намысын қорғаған спортшыларымызды арнайы қабылдады.
Жиынға дзюдодан Grand Slam Qazaqstan Barysy – 2025 турнирінің қола жүлдегерлері Абылайхан Жұбаназар мен Мағжан Шамшадин, сондай-ақ халықаралық жарысқа қатысқан Еламан Ерғалиев, Шархан Нұрлыхан және жаттықтырушы Қален Қалиұлы қатысты.
Өз кезегінде басқарма басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы спортшылардың айтулы жетістігін жүйелі дайындық пен тынымсыз еңбектің жемісі екенін атап өтіп, спортшыларға жаңа белестерді бағындыруда табыс тіледі. Сонымен қатар, алдағы халықаралық додаларда да ел үмітін ақтайтындарына сенім білдірді.
Басқосуда басқарма басшысы Сыр саңлақтарына арнайы қаржылай сертификат табыстап, сәттілік тіледі. Жиын соңы естілік суретке түсумен аяқталды.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы






