«Бақыт сыйласын деп тілейміз»

87

0

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Көктем келсе, күллі табиғат, адам да ерекше күйге бөленіп, ізгілік пен әсемдікке ұмтылады. Бір-бірін қуантуға құштар. Осындай сәтте адамдар анасына, ұстазына, сондай-ақ сүйіктісіне ыстық ықыласын, шынайы құрметін білдіру үшін гүл сыйлайды.

Қала тұрғыны Елена Александрқызы «Гүлдер KZO» салонында гүл сатушы. Оның бұл жұмысты атқарып келе жатқанына 25 жылдан асты.

– Гүлдер еліміздің әр өңірінен әкелінеді. Оларды міндетті түрде түбінен 2-3 см кесіп, салқын суға салып қоямыз. Жай күндерге қарағанда, мерекелерде гүл алушылар көп болады. Әсіресе, көктемде, 8 наурыз мерекесіне орай қала тұрғындары көбіне қызғалдақ, раушан гүлі, «Әйел бақыты», әсем хризантема гүлдерін сатып алады.

Гүл – өте сезімтал, сондықтан әрбір құшақ гүл сол адамға  қуаныш, бақыт сыйласа деп тілейміз! – дейді Елена.

Осыдан отыз жылдай бұрын қазақ отбасына келін боп түскен Елена отағасы Әмірбекпен бірге төрт бала тәрбиелеп өсіріп, қыздарын құтты орнына қондырып, ата-әже бақытына ие болып отыр. Ол өз жұмысын ерекше жақсы көреді. Өйткені әрдайым адамдарға қуаныш сыйлағысы келіп тұрады.

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы»