Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босатылады

481

0

Қонаев қалалық соты жазасын өтеуші Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Прокурор Б.Есентаевтың өтінішін қанағаттандыруды сұраған. Жәбірленуші Б.М.Алагузова мен оның өкілі де Б.Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатумен келісті.

«Есентаев жазасын өтеу кезінде 11 рет мақтау, 1 рет ескерту алды. Жазаның жарты бөлігін, яғни 6 жыл 1 ай 2 күнін өтеді. Тәртібі 3 оң дәрежемен бағаланады. Жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілігін түсініп, істеген ісіне өкінеді. Сот үкімімен салынған 756 269 теңге процестік шығындарды ерікті түрде өтеді», – деп хабарлады соттан.

Соттың 12 шілдедегі қаулысымен Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Еске салайық, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 3 қарашадағы үкімімен Есентаев кісі өлтіруге оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі) бойынша 9 жылға сотталып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге кесілген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<