Бақытты отбасы бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

1394

0

Биыл мамыр айында «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына азаматтардан өтінім қабылдана бастайды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл мамырда «Бақытты отбасы» бағдарламасын жалғастырамыз. Аталған тұрғын үймен қамту бағдарламасы осымен төртінші жыл іске асып келеді. Ол үшін бюджеттен 51 млрд теңге келіп түсті. Жоспар бойынша 5 мың отбасыға 2 пайыздық мөлшерде тұрғын үй беріледі. Сонымен қатар келесі айдан бастап «Әскери баспана» бағдарламасын іске қосамыз», – деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылдыққа 22 мың азамат тұрғын үй несиесіне ие болды.

«Сондай-ақ, жыл басталғалы 240 мың қазақстандық біздің банктен депозит ашты. Ол депозиттерге 4 айдың ішінде 511 млрд теңге аударылды», – дейді ол.

Бұған дейін аталған банк басшысы кейбір қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі бола тұра, тұрғын үй кезегіне қойылғанын айтты .

Одан бөлек, жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алудың реті түсіндірілді .

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<