Бақытжан Сағынтаев бүгіннен бастап жаңа қызметке кірісті

511

0

Фото: ЕЭК баспасөз қызметі

1 ақпаннан бастап Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті.

«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың мемлекеттік және халықаралық қызметте тәжірибесі мол. 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) болып жұмыс істеді. Ал бұған дейін ол Қазақстанда бірқатар жоғары мемлекеттік қызмет атқарған, оның ішінде 2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болған. «Құрмет» (2008), «Парасат» (2013), жоғары дәрежелі «Барыс» (2021) ордендерімен марапатталған», – делінген ЕЭК хабарламасында.

Комиссияның баспасөз қызметі мәліметінше, 1 ақпанда Санкт-Петербургте 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.

«Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<