Бар мейірім – балаларға

232

0

Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қазалы» корпоративтік қорымен бірлесе отырып, үстіміздегі жылдың 24 желтоқсаны күні Әйтеке би кенттік клубында мүмкіндігі шектеулі үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушы 126 балаға арналған жаңа жылдық шырша өткізілді. Салтанатты шараға Әйтеке би кенті бойынша мүмкіндігі шектеулі үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алушы 70 бала ата-аналарымен қатысты.
Мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап ашып, балаларды жаңа жылдарымен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Жаңа жылдық шыршада балалар өз өнерлерін ән айтып, би билеп, аяз атаға тақпақтар айтып, жақсы көңіл күйде өткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<