Бар жақсылық балаларға арналды

189

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Қызылордада 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Игі бастама Қызылорда облыстық балалар ауруханасының «Пульмонология» бөлімшесінде ем алып жатқан бүлдіршіндерге арналды.

Шара Неміс этномәдени орталығының онкүндігі аясында өтті. Іс-шараны «Адажио шоу» би орталығы ұйымдастырса, оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан» және «Zhomart volunteers» еріктілер орталықтары қолдау көрсетті.

Бағдарлама аясында 50-ге жуық балаға арналған көңіл көтеру шоуы қойылып, балалар түрлі анимациялық кейіпкерлермен бірге би билеп, ән шырқап, тақпақтар оқыды. Оларға арнап арнайы сыйлықтар табысталды.

Неміс орталығының төрағасы Ирина Шек бұл бастаманың жыл сайын бірнеше рет өткізіліп келе жатқан дәстүрлі шара екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар балалардың өмірге деген құлшынысын арттырып, сауығу процесіне оң әсер етеді.

– Балаларға шаттық сыйлау – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Қайырымдылық шараларын жүйелі түрде өткізу – біздің басты ұстанымымыз, – деді Ирина Шек.

Шара соңында ата-аналар мен медицина қызметкерлері ұйымдастырушылар мен еріктілерге шынайы ризашылықтарын білдірді. Олар бүлдіршіндердің жүзіндегі күлкі мен қуанышты сәттердің баға жетпес екенін айтты.