Қызылорда облысының қорғаныс департаментінің жеке құрамы 28 маусым – «Байланыс және ақпарат қызметкерлері» күніне орай шара ұйымдастырды.
Айтулы шарада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ақпараттық-имиджін насихаттап жүрген өңіріміздегі бір топ журналистері қорғаныс департаментінің марапатына ие болды.
Облыстық қорғаныс департаментінің бастығы полковник Еркінбек Серғалиұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесімен құттықтады.
«Сіздерге Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін кәсіби тұрғыда жариялап, оң имиджін қалыптастырудағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздер бүгінде құрылғанына 26 жыл толып отырған Қарулы Күштеріміз бен оның бейбіт замандағы қаһармандары туралы жағымды жаңалықтарыңыз арқылы жастарды Отанды сүюге тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келесіздер. Бұл дегеніміз ̶ әскери сала мен Отанымыздың қорғаушыларының қызметтерін өзара үйлестіру арқылы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының мінберінің жоғары дәрежеде дамығаны! Сыр елінің журналистері алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Елбасы Н. Ә Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, әскеріміздің қарыштап дамуына әрі қарай ізденіске толы ақпараттар дайындауда жоғары нәтиже көрсете білетініне сенімдімін!.» – деді полковник Е. Байболов.
Шара соңында журналистер қауымы әскери саланың азаматтарына алғыстарын жеткізді.
«Ақмешіт апталығы» газетінің бөлім басшысы А. Нұрлыбайқызы,
-Көк байрағы желбіреген еліміз үшін қарулы күштердің алар орны ерекше. Жалпы әскери өмірдің тыныс-тіршілігі қызыққа, қиындыққа, жауапкершілікке толы ғой. Осы саланы қамтып жүрген БАҚ өкілдерін құттықтап, құрмет көрсеткен департамент бастығына, ұжымға алғысымды білдіремін. Еліміздің Отан қорғаушылары аман болсын!
«Хабар 24» телеарнасының операторы Қ.Еңсебаев, «Операторлар үшін түсірілім барысында сәтті кадр алуға ұмтылып тұрамыз. Әзірлеген жұмысың көрерменнің көзайымына айналуы басты тапсырма. Ал әскери саланы түсіру аса жауапкершілікті талап етеді. Себебі, жарғыға талаптарына сай мүлт қате жібермеу бағытын ұстанамыз. Осы сәтті пайдалана отырып, ҚР Қарулы Күштері тақырыбында ауқымды ақпараттарды түсіру жұмыстарына талапқа сәйкес жағдай жасаған ҚР Қорғаныс министрлігіне алғысым шексіз. Ақпарат алуда, оны түсіруде өте қолжетімді. Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» – дейді.
Марапатталған журналистер тізімі:
1.Қызылорда облысы бойынша «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі Қ. Бекенов,
2.«Хабар 24» телеарнасының операторы Қ. Еңсебаев,
3. «Qyzylorda» телеарнасының режиссёрі Ж. Ұланқызы, «Qyzylorda» телеарнасының редакторы Ә.Сейдалы,
4.«Қоғам ТВ» телеарнасының тілшісі О. Дәуіт,
5.«Ақмешіт ақшамы» газетінің жауапты хатшысы Г. Ділдәбекова, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Б. Ажарбаева «Сыр бойы» газетінің тілшісі Н. Дәуренбеков,
6.«Ақмешіт апталығы» газетінің бөлім басшысы А. Нұрлыбайқызы,
7.«Халық» газеті редакторының орынбасары Қозы Көрпеш Жасаралұлы,
8.«Қызылорда ньюс» интернет газетінің тілшісі Ф. Омарова
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<