Барымташылар ұсталды

236

0

Барымташылар ұсталды Түркістан облысында барымташылар ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, –  деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
«Түркістан облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген арнайы операция барысында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі далада жайылып жүрген 20 жылқыны ұрлау үстінде ұсталды», – деді ресми өкіл.  Оның айтуынша, жедел іздестіру шарасы барысында топтың қылмыстық әрекеттерінің сызбасы анықталып, әрбір мүшесінің рөлі айқындалған. Ұрылар арасында алдын ала келісімнің де бар екендігі нақтыланған. «Оларға Түркістан облысының бірқатар ауданының аумағында 26 мал ұрлығын жасады деген күдік келтіріліп отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекішілк ету» және «Аса ірі көлемде ұрлық жасау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Алмас Садубаев. Сондай-ақ ол Түркістан облысының Арыс ауданында да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болғанын атап өтті.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<