Бас имам ҚМДБ тәжірибесімен бөлісті

566

0

Кеше Достық үйінде Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының дін мәселелерін зерттеу орталықтарының мамандары мен Сыр имамдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Өңіраралық тәжірибе алмасуға бағытталған шарада Қызылорда облысының Бас имамы діни экстремизмнің алдын алудағы ҚМДБ тәжірибесімен бөліссе, ҚМДБ-ның аймақтық өкілдігіне қарасты «Жат ағыммен күрес» бөлімінің жетекшісі Ислам Қаюпов «Діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылдың және деструктивтік діни ағымдардың қызметін бейтараптандыру мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Жиын барысында деструктивті діни ағым ұстанушыларын оңалту жұмыстарында оңтайлы тәсілдерді пайдалану, психологиялық әдістерді қолдану, үгіт-насихат шаралары мен әлеуметтік желідегі прафилактиканы күшейту жұмыстары жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуде діни экстермизм идеологиясына қарсы тұрудағы Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының жұмыс тәжірибесіндегі негізгі әдіс-тәсілдер ортаға салынып, маргиналды топтар мен жастар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту туралы да сөз болды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<