Бас имамға кедергі жасаған

921

0

Қызылордадағы мешіттердің бірінде бас имамға кедергі жасаған деструктивті діни ағым ұстанушысына айыппұл салынды.

Қызылорда қаласында деструктивті діни ағымын ұстанатын 35 жастағы тұрғын мешіттердің бірінде бас имамның ескертуіне қарамастан оған кедергі жасаған. Полиция қызметкерлері осындай келеңсіздікке жол берген 35 жастағы азаматы анықтады.

– Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 8-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Онда діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу жағдайы көрсетілген. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<