Бүгінде еліміз үшін азаматтық қоғамның қолдауы маңызды. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға бей-жай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным таныту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаланы абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басқа да мәселелерін шешуде белсенділік танытып, азаматтық ұстаным көрсеткені үшін 8 жергілікті тұрғын департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды.
Олардың қатарында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының заңгері Эльмира Түсмағамбетова, Қызылорда қалалық «Мансап орталығы» филиалының маманы Батыржан Қалас, Арман Айтхожин, Салтанат Измаханова, Мақпал Мизамбаева, Айжан Нәсіпова, Мейрамбек Доспенбетов және Жасұлан Жексембиев бар. Олар ішкі істер органдарына елеулі көмек көрсете отырып, қоғамның игілігі үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Ергешов азаматтық ұстанымы үшін, сондай – ақ олардың қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 148 құқық қорғау бағыттары бойынша қоғамдық құрылымдар жұмыс жасауда. Олардың құрамында 1218 белсенді азаматтар бар.






