Баспана алу үшін ажырасатындар көбейген

414

0

«Отбасы банк« АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова «Бақытты отбасы» бағдарламасынан «толық емес отбасы» санаты неге алынғанын түсіндірді. Айтуынша, елде ажырасу көрсеткіші күрт көбейген. Арасында жалған ажырасулар да бар деп хабарлады turkystan.kz «Qazaqstan» арнасына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, 2017 жылы елдегі ажырасу саны – 54 626 болса, 2018 жылы 54 797-ге дейін өскен. 2020 жылы пандемияға байланысты ажырасуға өтініштер саны 48 мыңға дейін азайғанымен, былтыр қайта өскен – 48 239.

«Біздің ойымызша, жалған ажырасу себептерінің бірі – адамдар баспанаға кезекке тұрғысы келетіні. «Толық емес отбасы» бағыты бойынша ажырасу туралы куәлікті өткізу жеткілікті», – деді банк басшысы.

Сол себепті бағдарламадан «толық емес отбасы» санаты алынған. Енді олар «Шаңырақ – 5-10-20» бағдарламасы бойынша ипотека ала алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<