\»Баспана Хит\» бағдарламасы бойынша 730 миллион теңгенің өтінімі қабылданды

330

0

\"Баспана Хит\" бағдарламасы бойынша 730 миллион теңгенің өтінімі қабылданды 80 қазақстандық «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша кредит алуға өтінім жасады, – деп хабарлайды BNews.kz «Баспана» Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде сомасы 257 миллион теңге болатын 30 өтінім мақұлданды. Мақұлданған 30 өтінімнің 14-ін Астана тұрғындары берген. Қазақстан бойынша ипотекалық кредиттің орташа сомасы 8,5 млн теңгені құраса6 Астана қаласы бойынша орташа сома 11 млн теңге шамасында.

«Баспана Хит» азаматтарға 11% жылдық үстемемен бұған дейін қолданыста болған үйлерді алуға мүмкіндік береді (пайыз мөлшерлемесі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне тәуелді). Дәл қазіргі уақытта барлық өтінімдер «Цеснабанк» АҚ тарапынан қабылданып, мақұлданды», – делінген хабарламада.

Бүгінгі күннен бастап «Қазақстан халық банкі» АҚ «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауға кірісті. Сондай-ақ, алдағы желтоқсан айында бағдарламаға Еуразиялық банк, ЦентрКредит банкі, Forte Bank, Bank RBK және Сбербанк қосылады. Сбербанк сонымен бірге «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларын бір уақытта іске қоспақ.