Басқарма басшысы Әлем чемпионатының жеңімпазы Вадим Федосеевті қабылдады

233

0

Фото: Сыр спорты

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы Ресей мемлекетінде қоян-қолтық ұрыстан өткен Әлем чемпионатында І орын жеңіп алған спортшы Вадим Федосеевті және оның жеке бапкері Дәуірбек Даулетов пен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт клубының директоры Марат Жабағиевты қабылдады, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Кездесу барысында басқарма басшысы спортшының әлемдік жарыстағы жеңісімен құттықтап, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Вадим Федосеев – Қызылорда қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт клубының спортшысы. Қоян-қолтық ұрыстың шебері осы уақытқа дейін бірнеше халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, аймақ абыройын асқақтатқан кәсіби спортшы.

Ол 2018 жылы Әлем Кубогының иегері, 2023 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылы абсолюттік әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Өз кезегінде спортшы Вадим Федосеев басқарма басшысына алдағы жоспарларымен бөлісіп, қазіргі дайындық барысын баяндап берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<