Басқарма басшысы Қазалыда болды

197

0

Фото: Қазалы ауданы

Кеше Қазалы ауданына облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев келіп, бірқатар нысандарды аралады.

Басқарма басшысы алдымен «Сыр Маржаны» ЖШС-гі және «Жалаңтөс батыр» ЖШС-нің егіс алқаптарында болып, күріш егу мен күрішті суға бастыру жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Мұнан соң, Талғат Тұрсынұлы «РЗА-Агро» ЖШС-нің егістігіне барып, су үнемдеу технологиясының жұмысын көрді.

Биыл шаруашылық жаңбырлатып суару арқылы 260 гектар аумаққа сүрлемдік жүгері дақылын орналастырды.

Шаруашылықтың тың әдісті пайдаланудағы басты мақсаты – суды тиімді пайдалану.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы Талғат Тұрсынұлының ауданға сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов пен «Қазалысушар» өндірістік учаскесі директорының орынбасары Ж.Садық бірге жүріп, ауданда ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<