Басқарма төрағасы журналистерді мерекемен құттықтады

526

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында басқарма төрағасы Ғизат Әбілтай нәзік жанды журналистермен кездесті.

Мерекелік жиында аймағымыздың ақпарат саласында жемісті еңбек етіп, корпорациямен әріптестік байланыста жұмыс жасап келе жатқан қаламгерлерге құрмет көрсетілді. Ғизат Майданұлы мереке иелеріне алғысын білдіріп, бағалы сыйлықтар мен Жаңақорғандағы серіктесіміз «Орда Сығанақ» шипажайына 10 күндік жолдама табыстады.

Басқарма төрағасы журналистерді мерекемен құттықтады

– Сіздер, әсемдік әлемінің үлгісіндей сұлу да сымбатты қалыптарыңызды сақтай отырып, шаңырақтың шырайын келтірер Отанасы – аяулы ана, адал жар, үлгілі қызметкер миссияларын қатар алып жүрсіздер. Біз Сіздерді әлеуметтік саланың жанашыры, кәсіпкерліктің тілеулесі, корпорациямыздың жағымды жаңалықтарының жаршысы ретінде танимыз. Сол рухани үндестігіміз ұзағынан болғай, – деді басқарма төрағасы.

Басқарма төрағасы журналистерді мерекемен құттықтады

Салтанатты жиын соңында арнайы шақырылған журналистердің атынан «Хабар 24» телеранасының өңірдегі меншікті тілшісі Райхан Тәжібаева сөз алып, ұжымға ізгі ниеті мен ақ тілегін білдірді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі